Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебінде білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Қостанай қаласындағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдану» тақырыпта өткен отырыста Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жұмыс жүйесі жайлы сөз етіп,алдағы жылы мектебінің 80 жылдығы туралы іс-шараны осы кезден қолға алып жатқандарын сөзге тиек етті ӘБ жетекшісі А.Шымбергенқызы.«Әдістемелік бірлестіктің іс — қағаздарын жүйелі жүргізу барысында қажетті құжаттарды толтырудың өзіне көп ыждахатттылық керек екендігін баса айтып,түсіндіріпі,өз тәжірибесімен бөліскен №7 орта мектебінің ӘБ жетекшісі Л.Ульжебаеваны ерекше атап өтуге болады. «Жас келсе-іске» демекші,жас маман К. Ғабдрахман «Білім беруде жаңа әдіс — тәсілдерді қолданудың тиімділігі» жайында баяндамасындағы әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде қалай пайдаланып жатқандығын АКТ арқылы түсіндіріп өтті.А.Бекенова, А.Шолпанбаевалардың «Жаңартылған білім мазмұнындағы тиімді әдіс – тәсілдер -сапалы сабақ кепілі» тақырыбында өткен коучингтері өте әсерлі де,қызықты өтті.Қорытынды сөз алған қалалық білі бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының басшысы Ж.Жумагулова алдағы 2020 жылға құрылған әдістемелік бірлестіктің жоспарымен бөлісті.Осы отырыста белсенділік танытып,өз тәжірибелерімен алмасқан бірқатар мұғалімдерді қалалық білім бөлімінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды.

ҚӘБ отырысы 14ООШ