«Бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауға арналған жұмыс түрлері»

  Қазақ тілі (орыс тілінде білім алатын  2 сыныпқа арналған)

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысында «Бастауыш сынып оқушылар үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы» тақырыбында №5 «а» бастауыш мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беретін мұғалімдер сөз алды.Түрлі тапсырмаларға тоқталып,бастауыш сыныптар үшін қажетті тапсырмалармен таныстырылымдар болды. Осы орайда Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген сөздері еріксіз ойға орала береді екен.№18 мектеп – гимназиясының тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.З.Сергазина әріптесімізге қаратып айтылғандай…Д.З.Сергазина өз тәжірибесімен бөлісіп,ұсыныстар айтып,жүйелі жұмыс жасай білсек,келешек ұрпаққа жасаған игі ісіміз болатынын тілге тиек етті.Қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет секторының басшысы Ж.Д.Жумагулова қатысып отырды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі»ММ-нің қазақ тілі маманы Рахимова Эльмира Ерсалимовнаның ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындаа коучинг қашықтықтан өттіі.

Онлайн коучинг №1 мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында
оқу – тәрбие үдерісін оңтайландыру»қалалық семинарын «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
физика-математикалық лицейі» ММ-нің тіл мамандары қашықтықтан өткізді.Семинарға жүз жиырма ұстаз қатысып отырды.ФМЛ-Семинар. 30.04.2020ж

 

Латын әліпбиіне көшу – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру» аясындағы ұлы бастамаларының бірі. Латын қарпі- ұлттық кодымыз. Оған көшу тек жазу таңбамызды ғана ауыстыру емес, ұлттық болмысымызды , мәдениетімізді , рухани құндылықтарымызды жаңарту.
Н.Ә. Назарбаев.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектеп» ММ-нің эксперимент жетекшісі Т.Ш.Алгожинаның ұйымдастыруымен Кирилицадан латын қаріпіне көшу арқылы ұлттық санамызды қайта жаңғыртуына жол ашу мақсатында Қалалық қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің «Тамыры терең әліпби» тақырыбында қашықтықтан семинар өтті. Семинарға жүзден астам ұсатаздар қатысыпы,өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдырды.

burst

Семинардың сілтемесі Семинар Латын Сш20

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» ММ-нің қазақ тілі мамандарының ұйымдастыруымен «Латын тілі – қазіргі заман алабы» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық семинары болды.3 МГ, Латын семинары

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «БИС технологиясы бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру құралы ретінде» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтықтан коучинг өтті.
№2 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған семинардың материалдарымен әріптестері танысып шықты.Материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша осы тақырып жөнінде, әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленген. Аталған міндеттерді шешу құралы ретінде бастауыштың сынып сабақтарында «БжС» технологиясын қолданып келе жатқан Ш.С.Хасенова, Л.И.Лингер, М.И.Железнякова,Л.А.Витренко,Г.М.Карпыкова есімді әріптестерінің ашық сабақтарын жекелеп қарап,тәжірибелерімен бөлісті.
Дегенмен, әр әдіс-тәсілді қолдануда ескерілер жайттар да жоқ емес.«Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрай білді. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игерді деп ойлаймыз. Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілетін, ойлау – сөйлеу дағдысын,танымдық көзқарасын, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындыра білді. Оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол аша білді деген пікірдеміз. Коучинг өз дәрежесінде өтті,-деген қалалық мектептердің ұстаздары игі тілектерін жазып қалдыруда. Коучинг отырысында жүрг.жұмыстар ШЛ №2 Коучинг БиС (1) ШЛ №2 Коучинг БиС

 

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақ тілін латын әліпбиінде оқытуда оқылым дағдыларын дамыту жұмыстарының тиімділігі» атты қазақ тілі мұғалімдеріне қашықтықтан коучинг өтті.№1 мектеп-лицейіндегі қазақ тілі әдістемелік бірлестік жетекшісі Э.Е.Рахимова өткізді.Қазір тіл жанашырлары үшін өзекті мәселе қазақ тілін латын әлібиі негізінде тиімді оқыту болып отыр. Коучингта қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқылым дағдысын латын әліпбиі негізінде оқыту сөз болуда.Оқылым-негізі коммуникативтік дағдылардың бірі болып саналады.Э.Е.Рахимова жұмысында оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар үлгілерімен көптеп таныстырды. Бұл тапсырмалар арқылы оқушылар мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқиды, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасай алатыны берілген. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған бірнеше тапсырмалар үлгісін ұсынған.Латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екені нақты айтылған. Ұсынылған жұмыстар өте пайдалы және қызықты. Оқылым стратегияларымен бөлісті.Мысалы: «Жылдам кездесу», «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген модель», «Белсенді түрде модельдеу», «Стоп кадр», «Кітап оқу кезіндегі саяхат», «Ақпараттағы олқылықтар», «Графикалық органайзерлер», «Оқиға картасы» (тарих картасы), «Торлы диаграмма» (радиальді диаграмма) т.б.Тіл жанашырлары түсіндіру жұмыстарын жаңаша әдіс – тәсілдер арқылы үнемі сабақтарында пайдаланып отырса,латын әліпбиін болашақта тез меңгертеміз деп ойлаймыз.«Қазақ тілін латын әліпбиінде оқытуда оқылым дағдыларын дамыту жұмыстарының тиімділігі» Рахимова Э.Е.

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ-де «Латын әліпбиіне көшу- бастауыш сынып тәжірибесінде» тақырыбында эксперимент жетекшісі М.А.Ергалиеваның ұйымдастыруымен өткен семинарға Қостанай қаласының мектептерінен тіл маманы мен ҚӘБ жетекшілері қатысты.

Семинардың жүрг.жұмыстарыСеминар городской 24.02.20

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына аудару»
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық семинары 2020 жылдың 8 сәуірінде қашықтықтан өтті. Семинарды «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ-нің қазақ тілі мамандары ұйымдастырды. Семинарға жүзден астам ұстаздар қатысып отырды.

ФМЛ-семинар Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына аудару

Озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысы Қостанай қаласында қашықтықтан өтті. ОМ№7 (Ш.М.Омарова),ОМ№19 (Г.К.Бейсембаева),ОМ№115 (Д.Ж.Сыздықова) тіл мамандарының озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында ОТМ отырысы қашықтықтан шебер-сыныбын өткізді.ОТМ шебер-сыныб жұмыстары ІІ отырыс.урок шпо