Жаңартылған білім мазмұны талаптарын іске асыру үшін, сабақ барысында педагогтармен сабақ беру әдістері мен белсенді формалары және заманауи технологияларымен тәжірибе бөлісу болып табылатын «Қостаанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 негізгі жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінде қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы болып өтті.

Баст.сынып мұғалім.ӘБ бағд.ООШ №13 городской семинар нач.кл

Қалалық қазақ тілі мен бастауыш сынып әдістемелік бірлестік отырысы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінде өтті.

 

 

ҚӘБ және Бастауыш сынып мұғалімдерінің отырысы24ШГ2424242

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық ӘБ отырысы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қалалық «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық ӘБ отырысы №21 негізгі жалпы білім беретін мектебінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілді. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп ӘБ жетекшісі өз баяндамасын бастады.Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше екендігін айтып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ-нің әдістемелік тақырыбы,мақсат, міндеттерімен таныстырды.Пән мұғалімдерінің оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, әрбір білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс істеп, іс-тәжірибе жинақтайтындықтары жайында айтылды.Сондай-ақ мектептегі жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай екен,әдістемелік бірлестікте мұғалімдердің сапалық көрсеткіші де қуантарлықтай : бір ұстаз — педагог-шебер, төрт ұстаз-педагог-зерттеуші, бір ұстаз педагог-сарапшы,екі ұстаз-бірінші санатты мұғалімдер.
Жаңа білім беру негізінде оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін өз қажетіне тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұдан шығатын қортынды ұстаз қызметінің нәтижесі шәкіртінің білімді болуында ғана емес, шәкіртінің білімді өздігінен алып, алған білімін өз қажетіне өмірде қолдана білуінде. Ұстаз – деген үйренуге жалықпау керек. Әр семинар,коучинг,әдістемелік бірлестіктің отырыстарынан кейін өз қоржыныңа тағы бір жаңалық енгізесің. Сол үшін де осы ӘБ отырысын ұйымдастырған әріптестерімізге мыңда бір алғыстарымызды білдіреміз.Толағай табыстар тілейміз деген игі тілек пен кері байланыстар әріптестерінен толассыз қалалық әдістемелік бірлестіктің поштасына келуде. ҚӘБ отырысы №21ООШ-ГОРМО   /Коучинг-сессия Сулейменова Л.М

Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебінде білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Қостанай қаласындағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдану» тақырыпта өткен отырыста Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жұмыс жүйесі жайлы сөз етіп,алдағы жылы мектебінің 80 жылдығы туралы іс-шараны осы кезден қолға алып жатқандарын сөзге тиек етті ӘБ жетекшісі А.Шымбергенқызы.«Әдістемелік бірлестіктің іс — қағаздарын жүйелі жүргізу барысында қажетті құжаттарды толтырудың өзіне көп ыждахатттылық керек екендігін баса айтып,түсіндіріпі,өз тәжірибесімен бөліскен №7 орта мектебінің ӘБ жетекшісі Л.Ульжебаеваны ерекше атап өтуге болады. «Жас келсе-іске» демекші,жас маман К. Ғабдрахман «Білім беруде жаңа әдіс — тәсілдерді қолданудың тиімділігі» жайында баяндамасындағы әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде қалай пайдаланып жатқандығын АКТ арқылы түсіндіріп өтті.А.Бекенова, А.Шолпанбаевалардың «Жаңартылған білім мазмұнындағы тиімді әдіс – тәсілдер -сапалы сабақ кепілі» тақырыбында өткен коучингтері өте әсерлі де,қызықты өтті.Қорытынды сөз алған қалалық білі бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының басшысы Ж.Жумагулова алдағы 2020 жылға құрылған әдістемелік бірлестіктің жоспарымен бөлісті.Осы отырыста белсенділік танытып,өз тәжірибелерімен алмасқан бірқатар мұғалімдерді қалалық білім бөлімінің басшысының мақтау қағазымен марапатталды.

ҚӘБ отырысы 14ООШ