Озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысы Қостанай қаласында қашықтықтан өтті. ОМ№7 (Ш.М.Омарова),ОМ№19 (Г.К.Бейсембаева),ОМ№115 (Д.Ж.Сыздықова) тіл мамандарының озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында ОТМ отырысы қашықтықтан шебер-сыныбын өткізді.ОТМ шебер-сыныб жұмыстары ІІ отырыс.урок шпо

«Оқушы –толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебінде қалалық озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысы болып өтті. Қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет секторының басшысы Ж.Д.Жумагулова кіріспе сөз сөйлеп,озық тәжірибелерімен бөліскелі отырған әріптестеріне сәттілік тіледі. Қаламыздың №19 орта мектебінен Г.К.Бейсембаева «Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»; №7 орта мектебінен Ш.М.Омарова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалауды жүйелі қолдану – табысқа жетелейтін баспалдақ»; №115 орта мектебінен Д.Ж.Сыздыкова «Оқушылардың жеке қабілеттері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес саралау стратегияларын қолдану» тақырыбында жазған жұмыстарын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері таныстырып пікір алмасып,ой бөлісті.ОТМ през.жұмыстарыІ отырыс семинар 19 школа