«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық ӘБ отырысы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қалалық «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық ӘБ отырысы №21 негізгі жалпы білім беретін мектебінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілді. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп ӘБ жетекшісі өз баяндамасын бастады.Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше екендігін айтып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ-нің әдістемелік тақырыбы,мақсат, міндеттерімен таныстырды.Пән мұғалімдерінің оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, әрбір білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс істеп, іс-тәжірибе жинақтайтындықтары жайында айтылды.Сондай-ақ мектептегі жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай екен,әдістемелік бірлестікте мұғалімдердің сапалық көрсеткіші де қуантарлықтай : бір ұстаз — педагог-шебер, төрт ұстаз-педагог-зерттеуші, бір ұстаз педагог-сарапшы,екі ұстаз-бірінші санатты мұғалімдер.
Жаңа білім беру негізінде оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін өз қажетіне тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұдан шығатын қортынды ұстаз қызметінің нәтижесі шәкіртінің білімді болуында ғана емес, шәкіртінің білімді өздігінен алып, алған білімін өз қажетіне өмірде қолдана білуінде. Ұстаз – деген үйренуге жалықпау керек. Әр семинар,коучинг,әдістемелік бірлестіктің отырыстарынан кейін өз қоржыныңа тағы бір жаңалық енгізесің. Сол үшін де осы ӘБ отырысын ұйымдастырған әріптестерімізге мыңда бір алғыстарымызды білдіреміз.Толағай табыстар тілейміз деген игі тілек пен кері байланыстар әріптестерінен толассыз қалалық әдістемелік бірлестіктің поштасына келуде. ҚӘБ отырысы №21ООШ-ГОРМО   /Коучинг-сессия Сулейменова Л.М