Тақырыбы:

Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы бәсекеге қабылетті жеке тұлғаны дамыту

Мақсаты:

Химия сабағында жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін ұштастырып, химиялық білім беру мазмұнының тәжірибелік және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру және сабақты жақсы қабылдауы үшін қолайлы жағдай жасау әр педагогтың негізгі міндеті. Әр сабақта мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы арасында жақсы қарым қатынас болуы, қолайлы психологиялық хал – ахуалдың орналасуы, жақсы қайырымды, мейірімді, білімді жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік етеді. Мен өз мамандығымды, пәнімді өте жақсы құрметтейтіндіктен, алдымдағы оқушыларым ұлы химик болмаса да, болашақта өз орнын тапқан жеке тұлға болуын қалайтындықтан, бағдарлама материалын толық меңгерте алмасамда, табиғатқа, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, табиғатта жүріп жатқан әртүрлі құбылыстардың мәнін ұғына білуге, танымдық қабылеттерін арттыру үшін тақырыбымды: «Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы бәсекеге қабылетті жеке тұлғаны дамыту» деп таңдап алдым, сондықтан әр сабағымда сауаттылығын арттыру үшін педагогикалық технологияның бірнеше түрін сабақта қолданамын.

 

Педагогикалық технологиялар атаулары Жүйелі қолданылуы
1 АКТ Интернет желісі, қосымша материалдар
2 Жобалау технологиялары Тақырыптық жобалау
3 Проблемалық оқыту технологиясы Ойлауды дамыту, шығармашыық іскерлік, өзіндік ізденіс
4 Деңгейлік оқыту Деңгейлік тапсырмалар
5 Ойын технологиясы Топтық, жұптық, жекелей тапсырмалар
6 Денсаулық сақтау технологиясы Экскурсия, физминутка
7 Сын тұрғысынан ойлау Ой қозғау, мағынаны ашу
8 Модульдік оқыту технологиясы Лекция, сөйлесу

 

Әр сабақты ұйымдастыру кезеңінде мына мәселелерді алға қоямын:

  • Барлық оқу процесін дұрыс ұйымдастыру;
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттерін дұрыс қою;
  • Сабақ кезеңдеріне ресурстар мен стратегияларды дұрыс қолдана білу;
  • Оқушыларды барлық сабақ кезеңдерінде белсенді жұмыс жасауына көңіл бөлу;
  • Оқу материалдарын өмірмен ұштастыра отырып, қосымша материалдармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Осылай ұйымдастыру нәтижесінде ғана өз сабағыңның нәтижесін көруге болады. Осы мектепте жұмыс істеп келе жатқаныма 16 жыл, осы жыл ішінде 2 оқушы химия пәні мұғалімдігін таңдаса, жылда ҰБТ химия пәнін таңдап, әртүрлі салада (медицина, нефтехимия, ауылшаруашылық салалары) жұмыс жасап, оқу орнына түскен оқушылар көптеп саналады. Қалалық ғылыми жобаларда да оқушылар химия пәні бойына қатысып, жүлделі орын алады.

Соңғы 10 жылда сағат санының азайып, бірақ сол бағдарламаның теориялық бөлімі толығымен сақталуы, кез келген пән мұғалімін дағдарысқа ұшыратқаны белгілі, дегенмен, оқушыларға материалдың толық жеткізілуі үшін, танымдық белсенділіктерін, пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында әртүрлі педагогикалық жаңа технологияларды сабақта қолдану маңызды мәселе болды. Ол үшін оқушылардың танымдық белсенділіктері мен тұлғалық өсуін арттыру үшін үнемі ізденімпаздық пен шығармашылық қажет.

Оқушылардың  шығармашылық қабілетін   дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол.      Оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерістерімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру- оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Eлбасы Н.Ә.Назарбаев:

«Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының  басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойылған болатын

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігідежойылады.

Менің тақырыбым:

Химия сабағында

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы бәсекеге қабылетті жеке

тұлғаны дамыту

Мақсаты:

Химия сабағында жаңа педагогикалық технология әдіс – тәсілдерін ұштастырып, химиялық білім беру мазмұнының тәжірибелік және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мына жаңа технологияларды пайдаланамын:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

Модульдік оқыту технологиясы;

Ұжымдық өзара оқыту технологиясы;

Ақпараттық технология

Жобалау технологиясы

Негізгі осы тақырыбымның орындалуын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жүйесін мынадай кезеңдерге бөлдім:

1 – кезең:

Қойылған тақырыбымды толық ашу мақсатында жаңа технологиялар әліс-тәсілдерінің теориялық негізін белгілеу;

2 – кезең

Химия пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін ұйымдастыру

3 – кезең

Әдістемелік іс-тәжірибелерді жинақтау

4 – кезең

Оқытудың нәтижелілігін анықтау

1 Жаңа білімді қалыптастыру Лекция, конференции, лабораториялық жұмыстар, презентация.
2 Білу, дағдыны қалыптастыру үшін оқытуда Тәжірибе, нақты практикалық есептер, зерттеу сабағы, практикалық сабақтар
3 Алған білімді балаларда дұрыс қалыптастыру, есте сақтау үшін, қайталау, жалпы шолу оқытуда Дискуссия, семинар сабақ, конференция сабақтар, пәнаралық кіріктірілген сабақтар, АКТ технологиялары
4 Оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеру Бақылау, деңгейлік тапсырмалар, тест,  диктанттар

Функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында жаңа тақырыптағы міндетті бір ұғымға байланысты   тапсырмалар дайындау кезінде мына нәрселер ескерілуі керек: жабық түрдегі тапсырма (жауабы берілмеген, бірақ орындаған кезде жауабы толық түрде ашылып көрсетілу керек), жабық түрдегі тапсырма (жауабы: қысқа), ашық түрдегі жауаппен (жауаптары берілген 4 – 5 нұсқа арқылы), сәйкестендіру тапсырмалары, ашық түрдегі жауабымен.

8 сынып бағдарламасы бойынша «Су» тақырыбына PISA тапсырмасының үлгісі:

8 сынып бағдарламасы бойынша «Су» тақырыбына PISA тапсырмасының үлгісі:

Жаңа технологияларды пайдаланудың негізгі мақсаты:

 

ММұғалімнің мақсаты: Сабақтың нәтижелілігі:
1. Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту. 1. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау.
2. Топпен жұмыс жасауға үйрету.

 

2. Қарым- қатынас жасауды үйренуі.
3. Бір- бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу 3. Басқаларды тыңдай білуі.
4. Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу.

 

4. Белсенділігінің артуы
5. Өз көзқарасын қалыптастыру. 5. Өз ойын тұжырымдай білуі.
  1. Алманы қысқа сақтау үшін, алдымен оны СаСІ2 кальций хлориді ерітіндісіне батырады.

Ерітінді дайындау үшін 800г суға 1,5г кальций хлоридін ерітеді, ерітіндідегі тұздың массалық

үлесін табыңдар.

  1. Суық тиіп ауырғанда тамаққа ингаляция жасау үшін 0,9% 20г нарий хлориді ерітіндісін пайдаланады. Өте қатты ауыр болса, үй жағдайында 1г ас тұзын қосуға болады, алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай?
  2. Сұрақ №1

Күнделікті өмірде бір ғана натрий хлориді, тұз ерітіндісінің медицина, ауыл шаруашылығы, үй жағдайында пайдалануға болады, осы жөнінде толығырақ айтып беріңдер:

________________________________________________________________________________

  1. Сұрақ №2

Киімге тиген майды сумен жуып кетіре алмайтынымызды білеміз, қандай жолмен тазартуға болады деп ойлайсыңдар:

____________________________________________________________________________

  1. Сұрақ №3

Еріткіш ретінде көбіне қолданылатын бейорганикалық зат:

__________________________________________________________________

  1. Сұрақ №4

Қатты, сұйық, газды заттардың еру кезінде температураға тәуелділігі қандай:

1)         Үшеуі де температура артқан сайын ерігіштігі артады.

2)         Қатты және сұйық зат температура артқан  сайын ерігіштігі артады, газдың ерігіштігі кемиді

3)         Қатты және газды заттардың ерігіштігі артады, сұйық заттардың ерігіштігі кемиді.

  1. Сұрақ №5

Еру химиялық реакцияға жатпайды, себебі:

1)         Жаңа заттар түзілмейді, тек бөлшектер бір-бірімен араласады.

2)         Еріген кезде жаңа заттар түзіледі.

3)         Еріткіш пен еритін зат бір – біріне ұқсамайды

Тапсырмалар орындату арқылы оқушыардың білім, білік, дағдыларын арттыру, мақсаттарын қоя білуге, жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.