Математика және физика пәндері мұғалімдеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында  2021 жылдың 29 қаңтарында 8 сынып үшін физика және математика пәндерінен функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құру бойынша шығармашылық тобының онлайн отырысы өтті.

Шығармашылық топ құрамы аталған мәселе бойынша жұмыс жоспарымен таңысып, білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар құрудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Онлайн отырыс соңында қатысушылар қызметтің жоспары толықтырып бекітті.