Программа МИФ

Қостанай қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп №2 мектеп-лицейі а.ж. 21 қазаны күні «Физика, математика және информатика пәндерін оқытудың тиімді стратегияларын еңгізу»

Онлайн отырыс барысында жаңартылған бағдарлама аясында пәндерді сапалы оқытудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Қашықтан оқытудағы оқу жетістіктерінің тиімді әдістерімен тәжірибелерімен №2 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Чуб Ирина Васильевна және Сейдалинов Руслан Аюпович бөлісті.

Бычихина  Анастасия  Александровна, осы мектептің информатика пәнінің мұғалімі, конференцияға қатысушыларды мұғалімнің жеке сайтының құру алгоритмін және қашықтан оқыту жағдайында қолданылуымен таңыстырды.

Сейтказы Зухра Махмудкызы, №9 ОМ математика пәнінің мұғалімі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда практикаға бағдарланған тапсырмаларды қолданудың тиімділігімен өз тәжірибесінде қолданылу тиімділігі туралы сөз қозғады.

Мансурова Венера Хабрахмановна, №11 ОМ информатика пәнінің мұғалімі өзінің баяндамасында стратегияларды таңдаудағы балалардың психологиялық, мәдени-ойлау ерекшеліктерін ескеру принципіне мәң беруді атап өтті.

Аталған іс-шараның соңында физика, математика және информатика пәндерінің жетекшілері білім берудің сапасын арттыру мақсатында өз пікірлерімен қоса ұсынымдармен кеңестері қабылданды.