«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «БИС технологиясы бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру құралы ретінде» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтықтан коучинг өтті.
№2 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған семинардың материалдарымен әріптестері танысып шықты.Материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша осы тақырып жөнінде, әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленген. Аталған міндеттерді шешу құралы ретінде бастауыштың сынып сабақтарында «БжС» технологиясын қолданып келе жатқан Ш.С.Хасенова, Л.И.Лингер, М.И.Железнякова,Л.А.Витренко,Г.М.Карпыкова есімді әріптестерінің ашық сабақтарын жекелеп қарап,тәжірибелерімен бөлісті.
Дегенмен, әр әдіс-тәсілді қолдануда ескерілер жайттар да жоқ емес.«Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрай білді. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игерді деп ойлаймыз. Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілетін, ойлау – сөйлеу дағдысын,танымдық көзқарасын, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындыра білді. Оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол аша білді деген пікірдеміз. Коучинг өз дәрежесінде өтті,-деген қалалық мектептердің ұстаздары игі тілектерін жазып қалдыруда. Коучинг отырысында жүрг.жұмыстар ШЛ №2 Коучинг БиС (1) ШЛ №2 Коучинг БиС