«Бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауға арналған жұмыс түрлері»

  Қазақ тілі (орыс тілінде білім алатын  2 сыныпқа арналған)

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысында «Бастауыш сынып оқушылар үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы» тақырыбында №5 «а» бастауыш мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беретін мұғалімдер сөз алды.Түрлі тапсырмаларға тоқталып,бастауыш сыныптар үшін қажетті тапсырмалармен таныстырылымдар болды. Осы орайда Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген сөздері еріксіз ойға орала береді екен.№18 мектеп – гимназиясының тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.З.Сергазина әріптесімізге қаратып айтылғандай…Д.З.Сергазина өз тәжірибесімен бөлісіп,ұсыныстар айтып,жүйелі жұмыс жасай білсек,келешек ұрпаққа жасаған игі ісіміз болатынын тілге тиек етті.Қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет секторының басшысы Ж.Д.Жумагулова қатысып отырды.