Жыл сайын өтетін «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауы қалалық мектептер арасында өтті.Негізінен 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар бақ сынасты. Байқаудың мақсаты :мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау және шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезім, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту,оқушыларда адамгершiлiкке, демократияға, азаматтыққа бағытталған тарихтық ойшылдық, тұрақты өмірлік ұстаным, сана-сезім қалыптастыру, поэзияға сүйіспеншілік, Абайдың рухани мұраларына тәрбиелеу болып табылады.Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп лицейінде «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясынан бастау алса,С.Мәуленов атындағы гимназияда ««Көңілім әнді ұғады» — Абайдың, Шәкәрiмнiң әндерiн, күйлерiн орындаушылар бөлімі мен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жас дарындылар бөлімдері болды.
Қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Гүлсім Әділханқызы қатасып отырды.Әділқазылық жасағандар: облыстық «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы А.Ибраев пен тілші А.Қанғожин, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанайдағы меншікті тілшісі Н.Құлабаев, «Дарын ҒПО»КММ-нің басшысы Т.А.Айтмағанбетова,Музыка мектебіненмәдениет саласының үздігі Л.Шахметова,қалалық білім бөлімінен ҚӘБ жетекшісі Ж.Жумагулова. Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар мен орыс мектебінен келген жас өрендеріміз Абай және Шәкәрім атамыздың әндерін нақышына келтіріп айтуда,өлеңдерін мәнерлеп оқуда және өз шығармашылығын жатқа айтуда алдына салмайтын оқушыларымыз іріктеліп облыста болатын байқауға жолдама алды. Байқаудың болғанынан боладысы қызық демекші,жетекші ұстаздарының еңбегінің шырайын шығарып мектебінің абыройын көтерген М.А.Есмагызам,Г.Қуанышова, А. Мадьярова,А.Мырзахан,Ж.Бейсен,К.Шаханова есімді жас өрендерімізге шығармашылық толағай табыстар тілейміз.