2019 жылдың 24 желтоқсанында №28 мектеп-гимназиясында 6-10 сынып оқушылары арасында қалалық «Qazaq epos» ағарту жобасы бойынша республикалық «Тұлпар мініп,ту алған!» байқаудың І кезеңі өтті.Байқауға 13 білім беру ұйымдарынан алпысқа жуық оқушы қатысты.Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының бірінші Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,«Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру,«Қобыланды батыр» жырын жатқа айту, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіру, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру керек.Үш кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар саны он екі болса, бірінші орынға лайықты №115 орта мектептің 9 сынып оқушысы Адилет Марибеков болды Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыздыкова Даржан Жумагазиевна. Адилет Марибеков дарынды оқушымыз облыста өтетін байқауға жолдама алды.Жүлдеге ие болған оқушыларды қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет секторының басшысы Жанар Жумагулова марапаттады.