2020 жылдың 19 тамызында математика, физика-информатика пәндері мұғалімдерінің кезекті Тамыз кеңесінің секция отырысы on-line тәртібінде өтті.
Секция отырысы барысында пән мұғалімдері 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктерімен таңысты.
Қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері аясында шығармашыл мұғалімдер өздерінің тиімді іс тәжірибелерімен бөлісті:
- «Кіріктірілген оқу технологиясын пайдаланып оқушылардың таңымдық қабілеттерін дамыту» — Искакова Анар Кабдрахмановна, №20 орта мектебінің математика пәні мұғалімі;
- «Жаңартылған бағдарлама аясында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың мүмкіндіктерімен заманауи білім берудің талаптары» — Шажабаева Жанат Сауытовна, №28 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі;
- «Физиканы оқытуда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша АКТ қолданудың мүмкіндіктері» — Көптілеу Мархаба Ақтілекқызы, №28 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі
Бахыткуль Талканова
Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: