Ұлы Отан соғысының атақты жауынгері, аңызға айналған қолбасшы, халық батыры, көрнекті қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының туған күні. Қостанай қаласындағы батыр атамыз атымен аталатын мектепте 2019 жылдың 20 желтоқсанда «Бауыржан оқулары» байқауы өтті.Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқаудың мақсаты «Бауыржан Момышұлының шығармашылығын насихаттау призмасы арқылы қатысушылардың Отанға, оның тарихи өткеніне сүйіспеншілік сезімін дарыту үшін бағытталған» болып табылады.«Жас автор», «Жас мәнерлеп оқушы», «Суретші-иллюстратор», «Жас оператор» секциялары бойынша Қостанай қаласының мектептерінен 122 оқушы қатысып 28 оқушыларымыз үздік деп саналып қалалық білім бөлімінің басшысының мақтау қағаздарымен марапатталды.Бұл байқау несімен есте көпке дейін сақталып қалады? Өйткені «сегіз қырлы,бір сырлы» жеңімпаздарымыздың саны көп болса,сол мектепке «Ең үздік мектеп» деген кубокты тарту етеді.Өткен жылы А.М.Горький атындағы гимназия иеленсе,биыл Б.Момышұлы атындағы №5 мектептің дарынды да,білімді де өнерлі оқушыларының асығы алшысынан түсіп «Ең үздік мектеп» кубогын қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет секторының басшысы Ж.Жумагулова табыстады.
Жанар Жумагулова
Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: