«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2018 жылдың жоспарына сәйкес  2018 жылы 24 қаңтарда  №16 орта мектепте  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Т.Дүйсембаеваның озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында  озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Т.Дүйсембаева «Қазақ тілі сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында өз тәжірибесімен таныстырды.