2018 жылдың 25 сәуірінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық ли цейі» ММ-де қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Қазақ тілінен уақыт нормаларына сай үй тапсырмасының мазмұнын оңтайландыру» атты семинар болып өтті. Семинарда лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері аталған тақырып бойынша баяндама оқып, коучинг-сабақтар өткізді. Үй тапсырмасын ықшамдауға байланысты мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.