2018 жылғы 04 мамыр күні №115 ОМ базасында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында  жаңартылған білім мазмұнын еңгізудің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша орыс тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинардың жұмыс барысында 23 мұғалім қатысты.

2018 жылының 22 ақпанында Физика-математикаклық лицейінде «Тапсырманы орындауға кететін шектік мүмкін уақыт нормаларына сәйкес, олардың мазмұнын оңтайландыру» тақырыбы бойынша орыс тілі және әдебиет мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. бұл семинарға 21 мұғалім қатысты. ФМЛ  ұстаздары  үй тапсырмаларын орындау тиімді жолдары атты  өз тәжірибелерімен қала мұғалімдерімен бөлісті.

2017 жылғы 11 мамырда № 23 ОМ базасында «Орыс тілі және әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдемелер» тақырыбы бойынша орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Қалалық ӘБ жұмысына қала мектептерінің 25 мұғалімі қатысты. Отырыс барысында  психологиялық тренинг, панорамалық сабақтар өткізілді: орта ғасырға ойын-саяхат («Робин Гуд балладасы» бойынша) 6 сынып — мұғалім Н.А.Бельская, «Сөз тіркестері мен сөйлем» тақырыбы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, өткен тақырыптарды жалпылау,  8 сынып — мұғалім В.Ю.Вельченко. Көптілділікті енгізу бойынша орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің  жұмысы көрсетілді.

Обновлено: 04.05.2017