2017 жылғы 11 мамырда № 23 ОМ базасында «Орыс тілі және әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдемелер» тақырыбы бойынша орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Қалалық ӘБ жұмысына қала мектептерінің 25 мұғалімі қатысты. Отырыс барысында  психологиялық тренинг, панорамалық сабақтар өткізілді: орта ғасырға ойын-саяхат («Робин Гуд балладасы» бойынша) 6 сынып — мұғалім Н.А.Бельская, «Сөз тіркестері мен сөйлем» тақырыбы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, өткен тақырыптарды жалпылау,  8 сынып — мұғалім В.Ю.Вельченко. Көптілділікті енгізу бойынша орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің  жұмысы көрсетілді.

Обновлено: 04.05.2017