2020 жылғы 25 ақпанда №1 мектеп – лицей базасында білім бөлімінің «Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерді сапалы оқыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету» әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Аталған саладағы пәндерді оқытуда негізгі компонент білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға оқу іс-әрекетін бағыттау болып табылатыны атап өтілді. Педагогтардың кәсіби байқауларда нәтижелілігі мәселелеріне жетекшілік ететін сектор басшысы В.Н.Тихон 2019 жыл кезеңіне мониторинг жасап, мұғалімдердің жаратылыстану — математикалық бағыттағы байқауларға қатысуына назар аударды.

Одан әрі сектор басшысы Ж.Д.Жумагулова мемлекеттік тілді оқыту сыныптарын дамыту және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешу жолдарын тілге тиек етті.

Әдістемелік кеңес ЖМБ пәндерін сапалы оқыту үшін жағдай жасау оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал ететінін және болашақта білікті маман болуға септігін тигізетінін атап өтті.