Жыр анасы Мәриям Хакімжанованың шығармашылығын жас ұрпақтың арасында насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 15 қараша күні қаламыздағы Мәриям Хакімжанова атындағы №20 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәриям оқулары» сайысы болып өтті.

Сайысқа қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден 20 оқушы қатысты. Сайыс екі номинация бойынша өткізілді. «Мен — қазақ қызы асқақ үнді..» номинациясында оқушылар Мәриям апамыздың шығармаларын жатқа оқыса, «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» номинациясында жас ақындар Мәриямға Хакімжановаға арнау өлеңдерін, яғни төл туындыларын оқыды.

Сайыс соңында мынандай жеңімпаздар анықталды:

«Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы»  номинациясында:

І орын – Алтайқызы Аяжан (№10 орта мектебі, 9 сынып)

ІІ орын-  Бейсен Жансұлу (№20 орта мектебі, 5 сынып)

ІІІ орын — Рахимжанова Аружан (СМГ, 6 сынып)

«Мен — қазақ қызы асқақ үнді..» номинациясында:

Қазақ мектептері бойынша

І орын — Мушанова Айнур (№20 орта мектебі, 6 сынып)

ІІ орын — Қасымова Асемгуль (№11 орта мектебі,9 сынып)

ІІІ орын- Мадиева Сара (№115 орта мектебі, 9 сынып)

Орыс мектептері бойынша

І орын — Жакупова Мейрамкуль (№17 орта мектебі,6 сынып)

ІІ орын- Агбаева Шынар (№7 орта мектебі,8 сынып)

ІІІ орын — Харченко Анатолий (№6 орта мектебі,9 сынып)

ІІІ орын — Алиева Айда (№2 мектеп,8 сынып)