«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2018 жылдың жоспарына сәйкес, 2018 жылы 11 қаңтарда  С. Мәуленов атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А. Ж. Муртазинаның озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында  «Сын-тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы  оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту»  тақырыбында озық тәжірибе мектебінің отырысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А. Ж. Муртазина жиналғандарды жұмыс жүйесімен таныстырып, әдістемелік тақырыбы бойынша сабақта қолданылатын әдіс-әсілдерін көрсетті.